Ссылки доступа

"Тәжіктелекомның" интернет-трафикті жалғыз өзі сату құқығы жоқ екені анықталды


Тәжікстанның монополияға қарсы қызметі интернет-трафикті «Тәжіктелекомнан» ғана алсын деген қаулы жоқтығын хабарлады. Мекеменің елдегі Мобильді операторлар қауымдастығына жолдаған хатында осылай делінген.

Бір ай бұрын Тәжікстандағы төрт мобильді байланыс операторы - Tcell, «Билайн», Babilon және Мегафон компаниясы Монополияға қарсы қызметке жүгініп, "Тәжіктелекомның" барлық провайдерлер мен мобильді компанияларға интернет-трафигін сату құқығын түсіндіруін сұраған.

Тәжікстан үкіметі жанындағы байланыс қызметі барлық провайдерлерге Интернетті «Точиктелеком» компаниясынан алуға міндеттеген. Бұған дейін тәжік провайдерлері Интернетті Қырғызстаннан, басқа да елдерден арзанға алып келген.

Байланыс қызметінің қаулысы биыл қаңтар айында түскен. Мекеме бұны елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланыстырған. Мобильді операторлар бұған наразы, өйткені олар Интернетті алдын ала шетелден арзанға алып қойған.

Тәжікстан мобильді операторлар қауымдастығының басшысы Гафур Иркаев монополияға қарсы қызмет жауабы өткен аптада келгенін айтты. Оның пікірінше, ұлттық провайдерде интернет-трафикті өзі ғана сату құқығы жоқ болғандықтан, мобильді операторлар Интернетті бұрынғыдай шетелден ала беруіне болады.

XS
SM
MD
LG