Ссылки доступа

Өзбекстанда шетел валютасына арналған 1000 банкомат жыл аяғына дейін орнатылады


Өзбекстанның коммерциялық банктері биыл шетел валютасын шешуге арналған 1 мыңнан астам банкомат алдырады. Бұл туралы Орталық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Банкоматтар желісін жетілдіру кезең-кезеңімен жүзеге асады. Мұндай банкоматтар бұрын банктер мен қонақ үйлерде бірнешеу ғана еді.

Президент қаулысына сәйкес, 1 сәуірден бастап тұрғындардың барлығы халықаралық төлем карталарынан шетел валютасын шешіп ала алады.

Бұған қоса, банктер шетел валютасы саудасын қашықтан басқару жүйесін енгізе бастады.

Елдегі бірнеше банк шетел валютасын сатып алуға, сатуға болатын мобильді қосымшаларын іске қосты.

XS
SM
MD
LG