Ссылки доступа

Тәжік журналисі Мирсаидовті қамауға алу мерзімі маусымға дейін ұзартылды


Хайрулло Мирсаидов

Тәжік журналисі, "Тәжікстан құрамасы" көңілді тапқыштар клубы жетекшісі Хайрулло Мирсаидовқа қарсы қозғалған тергеу ісі маусым айына дейін созылатын болды деп хабарлады Соғды қаласы құқық қорғау органдарындағы дереккөз.

Хайрулло Мирсаидов Соғды облысы жастар ісі жөніндегі басқарманың бұрынғы басшысы Олим Зохидзоданы мемлекет қаржысын жымқырды деп айыптағаннан кейін былтыр желтоқсан айында ұсталған.

Ал дереккөздің хабарлауынша, тергеу ісіне байланысты көңілді тапқыштар клубының барлық шығындары тексеріліп жатыр. Тіпті бұл мәселеге қатысты тергеу тобы Мәскеуге де барған. ​

Осыған дейін Хайрулло Мирсаидов Соғды облысы жастар ісі жөніндегі басқарма басшысымен дауласып қалғанын айтқан. Екі тарап та тәжік клубына бөлінген қаржыны жымқырды деп бір-бірлерін айыптайды. Тәжік журналисі болса, былтыр 8 қарашада Тәжікстан президентіне, бас прокурорға ашық хат жазып, жергілікті шенеуніктердің жемқорлығын айтуға мәжбүр болғанын жариялаған.

XS
SM
MD
LG