Ссылки доступа

Сауд Арабиясында 35 жылда алғаш рет кинотеатр ашылды


Саудовская Аравия. Женщина на стадионе во время футбольного матча

Сауд Арабиясында 35 жылдан астам уақытта алғаш рет қоғамдық кинотеатр ашылды. Ол 18 сәуірде Эр-Риядта жұмыс істей бастайды. Жаңа кинотеатрда бұл күні режиссер Райан Куглердің "Қара қабылан" фильмін көрсетеді.

Бұның алдында Сауд Арабиясының билігі АҚШ-тың AMC Entertainment Holdings Inc. компаниясымен келісім-шарт жасасқан. Компания бес жылда бұл елде 40 кинотеатр, ал 2030 жылға таман 350 кинотеатр ашады. Фильмдер цензурадан өтеді.

Кинотеатрлар мен басқа да ойын-сауық мекемелеріне Сауд Арабиясында 80-жылдары тыйым салынды. Сол кезде дін өкілдері фильм көруді "күнә" деп атаған.

2017 жылы қыркүйекте билікке жаңадан келген патша Сальман бен Абдель Әзіз Әл Сауд әйелдерге автокөлік жүргізуге салынған тыйымның күшін жойды. Олар енді қоғамдық орындар мен стадиондарға бара алады.

XS
SM
MD
LG