Ссылки доступа

Түркіменстанда әйелдердің шолақ шалбары мен шомылу киімін киюге тыйым салынды


Иллюстративное фото.

Түркіменстан билігі әйелдердің шолақ шалбары мен бикиниін шетелден тасуға және сатуға тыйым салды.

Азатлык радиосының Түркіменстандағы тілшісінің хабарлауынша, қазір жекеменшік дүкендерде әйелдердің қысқа шалбары мен шомылу киімі жеңілдіктен сатылып жатыр. Жақында бұл киімдерді сатуға тыйым салынады, деді кәсіпкерлер.

«Кеденде қысқа шалбар мен шомылу киімін өткізбей жатыр. Шомылу маусымы жақындаған сайын бұл киімдерге сұраныс артады. Бірақ кеден мұндай тыйымның не үшін енгізілгенін түсіндірмей отыр.», – деп хабарлады Азатлык тілшісі.

Оның айтуынша, соңғы жылдары елде жазда тұрғындар қысқа шалбар киюді сәнге айналдырған. Ауа температурасы 50 градус ыстыққа дейін көтерілетін Түркіменстанда тұрғындар жазда киімнің бұл түрін енді кие алмауы мүмкін.

«Базарда қысқа шалбарлар мен шомылу киімі аз қалды. Саудагерлер мұндай тауардан қалғанын сатып жатыр», – деді тілші

Өткен айда Ашхабад қаласында мемлекеттік қызметте істейтіндерге тырнақ пен кірпікті өсіруге, тырнақты бояуға және шаштың түсін кетіруге тыйым салынған. Кеден косметикалық бояуларды өткізбей қойды, деп хабарлады «Хроника Туркменистана» сайты.

XS
SM
MD
LG