Ссылки доступа

Мирзияев баратын аймақтағы үйді сырлаудан бас тартқан белсендіге айыппұл салынды


Словесная перепалка между правозащитником Исраилом Ризаевым (первый справа) и начальником РОВД Мирзаабадского района Сырдарьинской области.
Словесная перепалка между правозащитником Исраилом Ризаевым (первый справа) и начальником РОВД Мирзаабадского района Сырдарьинской области.

Өзбекстандағы "Эзгулик" адам құқығын қорғау ұйымының Сырдария облысындағы белсендісі Исраил Ризаевқа өз үйінің сыртын сары түске сырлаудан бас тартқаны үшін 3 млн сум айыппұл салынды. Бұл аймаққа жақында президент Шавкат Мирзияев келеді.

Өзбекстан президенті Сырдария облысына 4 сәуірде келу керек болған. Бірақ бұл сапар кейінге қалдырылды.

Республиканың барлық аймақтарындағыдай, президент сапары қарсаңында Сырдария облысының билігі шұғыл түрде жолдарды жөндеп, жол бойындағы үйлер мен дуалдарды әрлеуге кіріскен.

Перед возможным визитом президента Мирзияева в Сурдарьинскую область, местных жителей заставили покрасить стены своих домов в желтый цвет.
Перед возможным визитом президента Мирзияева в Сурдарьинскую область, местных жителей заставили покрасить стены своих домов в желтый цвет.

Исраил Ризаевтың айтуынша, үлкен жолдың бойында орналсқан оның үйін жергілікті билік сары түске сырлауды талап еткен. Бірақ белсенді оны орындаудан бас тартқан. Одан соң Мәжбүрлеп орындату бюросының қызметкері айыппұл салып кеткен.

"Бюро қызметкері Абдусамат Кахрамонов электр қуатына қарыз бар деп, 3 миллион сум (360 доллар) айыппұл салды. Азғантай қарыз бар еді, ол менің түсіндіргеніме көнбеді", – деді Исраил Ризаев.

​Бұған қоса, жергілікті билік оның үйінің алдындағы қақпаны қиратып тастаған. Қақпа "көшенің сәнін бұзып тұр" екен. "Олар ақыры үйдің сыртын сары түске бояп шықты. Бұның барлығын көзбояушылық деп есептеймін. Президент келеді деп, үйді сарыға бояудың не қажеті бар?", – деп ашуланды Ризаев.

Мирзаабад ауданы ішкі істер бөлімінің басшысы Элёр Абдуллаев белсендімен жанжалдасып қалғанын растады, бірақ ол дәл өзінің тапсырысы бойынша Ризаевқа айыппұл салынды дегенді жоққа шығарды.

XS
SM
MD
LG