Ссылки доступа

Қырғызстан тамақтану орталықтарын бақылауды күшейтеді


Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі республиканың қоғам денсаулығын сақтау қызметтерінің басшыларымен кеңейтілген жиналыс өткізді.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиналыста Бішкек қаласында жаппай улану жағдайына қатысты мәселе талқыланған.

"Жаппай улануды болдырмау үшін қоғамдық тамақтану орталықтарын бақылауды күшейтіп, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды", - делінген минстрлік хабарламасында.

31 наурызда Бішкектегі «Ала-Тоо» мейрамханасында 190 адам қатысқан үйлену тойы өткен. Одан соң кейбір қонақтар уланып ауруханаға түскен. Олар тай мәзірімен пісірілген тауықтан уланған. Онда сальмонелла таяқшалары болған.

Мейрамханада жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

XS
SM
MD
LG