Ссылки доступа

Ташкентте Америка азаматы жас келіншекті қағып кетті


1993 жылы туған америкалық кәсіпкер "Каптива" көлігімен жас келіншекті қағып кетті. Әйел алған жарақатынан жан тәсілім етті деп хабарлайды Ташкенттің жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасы.

Бұл оқиға 4 сәуірде астананың Юнусабад ауданында болған. "Қазақстан" кинотеатры маңында, Әмір Темір даңғылында жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтіп бара жатқан 33 жастағы әйелді көлік қағып кеткен. Көлік тұтқасында АҚШ-тың Техас штатынан келген азамат болған.

Әйел ауыр халде ауруханаға жеткізілген, бірақ алған жарақатынан жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Тергеу ісі жүргізіліп жатыр.

XS
SM
MD
LG