Ссылки доступа

RWB: Астана журналистерді қудалауын тоқтатсын


"Шекарасыз тілшілер" (Reporters Without Borders - RWB) халықаралық ұйымы Қазақстан билігін елдегі БАҚ пен журналистерді қудалауды тоқтатуға шақырды.

Ұйым соңғы күндері Қазақстанда тәуелсіз Ratel.kz сайты мен Forbes Kazakhstan журналының редакциялары тінтіліп, төрт журналист аз уақытқа ұсталғанын және сайт жабылғанын айтады. Бұған қоса Шымкентте белсенді, блогер Ардақ Әшімнің психиатрлық ауруханаға мәжбүрлеп жатқызылғаны айтылады.

"Соңғы қудалаулар Қазақстандағы элита арасында елді 30 жылға жуық уақыт басқарып келе жатқан 77 жастағы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мұрагері кім болады деген мәселеде шиеленіс күшейе бастағанда болып отыр. Түрлі элиталық фракциялар арасындағы тартыс пен биліктегі паранойяның кері салдары оппозициялық БАҚ түгедей құртылған Қазақстандағы медиаға әлі тиіп жатыр" делінген RWB мәлімдемесінде.

Ұйымның Шығыс Еуропа және Орталық Азия бөлімінің басшысы Иоганн Бих Forbes Kazakhstan журналы мен Ratel.kz журналистерінің және Ардақ Әшімнің қудалануы Қазақсандағы барлық журналиске деген ескерту екенін айтады. "Баспасөзді басып-жаншу мемлекет тап болған тұрақсыздық мәселесін шеше алмайды. Қазақстан билігі журналистер мен блогерлерді мазалау беруін қоятын уақыт жетті" дейді Иоганн Бих.

XS
SM
MD
LG