Ссылки доступа

Тәжік президенті елшіге АҚШ ауруханасында жатқан ақын Бозор Собирдің көңілін сұрауды тапсырған (видео)


Бозор Собир АҚШ-та. Мұрағаттағы сурет.
Бозор Собир АҚШ-та. Мұрағаттағы сурет.

Бозор Собирдің әйелі Гүлчехра Собир ақынның жағдайы ауыр халде екенін хабарлады. Оның сөзінше, Бозор Собир бір аптадан бері АҚШ-тың Сиэтл қаласындағы ауруханада жатыр. «Мен онымен біргемін. Оның жағдайы өте ауыр», - деді ол.

Танымал ақынның әйелі Бозор Собирдің соңғы уақытта жүрегі ауыратынын жиі айтып жүрген еді дейді.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 5 сәуірде елдің сыртқы істер министрлігіне, АҚШ-тағы елшілікке, БҰҰ жанындағы Тәжікстан өкілдігіне тапсырма беріп, Американың Сиэтл қаласына барып, ақын Бозор Собирдің көңілін сұрап, оның сауығып кетуіне барлық жағдай жасалсын деп тапсырма берген.

Танымал тәжік ақыны таяуда балалары тұрып жатқан Америкаға кеткен. Бір күн бұрын оның ауруханаға түскені белгілі болған.

Бозор Собир вернулся в Таджикистан, чтобы отпраздновать Навруз
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:53 0:00

79 жастағы Бозор Собир Суфиён Файзабад ауданында дүниеге келген. 1962 жылы Тәжік мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіреді. 1970-80 жылдары Бозор Собир елдегі ең танымал ақындардың бірі болды. 1980 жылдардың соңында ол Тәжікстанның демократиялық партиясына мүше болып, 1990 жылы Жоғарғы кеңеске депутат болып сайланады. Бірақ кейін өз еркімен мандатын тапсырады.

Бозор Собир - Абуабдулло Рудаки атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері.

XS
SM
MD
LG