Ссылки доступа

Малайзияда жалған ақпарат үшін 6 жылға дейін сотталуы мүмкін (видео)


В Малайзии ввели уголовную ответственность за фейковые новости: до 6 лет тюрьмы
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:20 0:00

Малайзияда фейк (жалған) жаңалықтар таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартатын жаңа заң күшіне енді. 128 мың АҚШ долларына дейін айыппұл төленіп, алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңа заң электронды басылымдарға, әлеуметтік медиаға қатысты. Жауапкершілік шетелдік азаматтарға да жүктеледі.

Малайзияда биыл маусым айына дейін парламент сайлауы өтуге тиіс.

Ел үкіметі аталған заң сөз бостандығына қауіп төндірмейді дейді. Бұл іспен тәуелсіз сот айналысады екен.

Малайзияның әділет министрі Азалина Отман "Бұл заң қоғамды жалған ақпараттан қорғауға арналған. Бірақ Конституцияға сәйкес сөз бостандығы сақталады" деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG