Ссылки доступа

Стамбулға ұша алмаған ондаған түркіменстандық әуежайда наразылық танытты (видео)


Десятки пассажиров не пропустили на рейс в Турцию
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:30 0:00

Түркіменстанда ондаған азамат Ашхабад әуежайынан Стамбулға ұшатын рейске тағы жіберілмеді. Азатлык радиосының редакциясына келіп түскен видеода төлқұжат тексеру орнына өте алмаған бір топ адамның наразылығы бейнеленген.

Оқиғаны көзімен көргендер наразылық туралы видео 3 сәуірде түсірілгенін Азатлыкка хабарлады.

Куәгердің айтуынша, қолдарында ұшу билеттері мен шетелге шығу рұқсаты бар жолаушылар кеден бақылауына өте алмаған. Ашхабадтағы халықаралық әуежайдың кеден және көші-қон қызметтері оларға Түркияға ұшуға неге рұқсат бермегенін түсіндірмеген.

Азатлык радиосы аталған қызметтерге хабарласқанымен, әуежайда болған оқиғаға байланысты сауалдарға жауап ала алмады.

Бір ай бұрын бірқатар түркіменстандық Стамбул мен Дубайға ұша алмай қалған еді. Азатлык мәліметіне қарағанда, бұл жолаушылар "қара тізімде" болып шықты.

XS
SM
MD
LG