Ссылки доступа

Қырғызстан президенті: жемқорлықпен күресте досқа да, туысқа да қарамаймын


Сыбайлас жемқорлықпен күресте "мен досқа да, туысқа да қарамаймын" деп мәлімдеді Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков. Ол бұл мәлімдемесін 5 сәуірде осыдан сегіз жыл бұрынғы Сәуір төңкерісі кезінде қаза болғандардың отбасыларымен кездесуде жасады.

Жемқорлықпен күреске қатысты сауалдарға жауап берген Жээнбеков: "Құдай қаласа, мен бұл мәселені аяғына дейін жеткіземін. Шын сөзім. Тазалар ақталады. Ештеңені жасырмаймыз. Процесс басталды, оны аяғына дейін жеткіземіз. Мен ештеңеге қарамаймын. Мен досқа да, туысқа да қарамаймын. Барлығы бірдей жауап береді. Оны жүзеге асыру оңай емес, бірақ біз жұмыс істеп жатырмыз және аяғына дейін жеткіземіз", - деп мәлімдеген.

Оның айтуынша, билік жекелеген саясаткерлердің емес, халық мүддесі үшін жұмыс істеуі керек. "Көпшілігі жекелеген саясаткерлер басқаратын топтардың абыройы асқанын қалайтынын білемін, бірақ мен оған жол бермеймін. Елде парламенттік демократияны дамытуға бар күшімді саламын, біздің болашағымыз соған байланысты", - деді президент.

Жээнбеков Сәуір төңкерісінің батырларын қырғызстандықтар ешқашан ұмытпайтынын айтты. "Қанша уақыт өтпесін, бұл оқиғалар ешқашан ұмытылмайды", - деді қырғыз басшысы.

XS
SM
MD
LG