Ссылки доступа

Тәжік балуаны Анталиядағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды


Комроншох Устопириён
Комроншох Устопириён

Танымал тәжік балуаны Комроншох Устопириён Анталияда өткен “Grand-Prix Antalya 2018” турнирінде 90 келі салмақ бойынша 2017 жылғы әлем чемпионы сербиялық Неманю Майдовудың жауырынын жерге тигізіп, жеңімпаз атанды.

Комроншох Устопириён жарыстың соңғы күні 8 сәуірде төрт бірдей қарсыласын жеңіп, жоғары көрсеткішке жетті. Балуан екінші турда Самули Виитаненмен (Финляндия, 2:56, иппон) жекпе-жекке шықты. Оны жеңген тәжік балуаны америкалық Солтон Броунды (0:22, иппон) тізе бүктіріп, жартылай финалға жолдама алды. Келесі сатыда да оны сәттілік күтіп тұрды: Әзербайжан балуаны Мамадали Мехдиевті (3:38, иппон) жеңіп, ақтық финалға шықты.

Финалда Комроншохтың қарсыласы 2017 жылы әлем чемпионы атанған Сербиядан келген Неманйа Майдов болды. Шешуші сәтте тәжік балуаны (3:12, иппон) жеңіске жетті. Осылайша Комроншох Устопириён алтын медальге қол жеткізсе, Майдов "күміс" алды.

Былтыр Комроншох Устопириён “Grand-Prix Antalya 2017” халықаралық турнирінде екінші орын алған болатын.

XS
SM
MD
LG