Ссылки доступа

Қырғызстан президентінің Түркияға ресми сапары басталды


Бүгін, 9 сәуірде, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің Түркияға екі күндік сапары басталды.

Сапардың алғашқы күні қырғыз басшысы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесіп, бірқатар келісімге қол қояды. Бұған қоса Жээнбеков Ататүрік кесенесіне гүл қояды. Ертең, 10 сәуірде, ол премьер-министр Бинали Йылдырыммен, Ұлы ұлттық жиналыстың спикері Исмаил Кахраманмен кездеседі.

Сапар бағдарламасында Түркиядағы қырғыз диаспорасының өкілдерімен кездесу, Анкарада Шыңғыс Айтматов ескерткішіне бару жоспарланған.

Әрі қарай, 11-12 сәуірде, Сооронбай Жээнбеков Брюссельде Еуропалық одақ институттарына сапарлайды.

XS
SM
MD
LG