Ссылки доступа

Ресей Израильді Сириядағы әуе базасын зымыранмен атқылады деп айыптады


Истребитель F-15 израильских ВВС (иллюстративное фото)

Ресейдің қорғаныс министрлігі Сирияның Хомс провинциясындағы әуе базасын Израиль зымыранмен атқылады деп мәлімдеді.

Ресей қорғаныс министрлігі таратқан баспасөз хабарламасы бойынша, әуе шабуылына Израиль әуе күштерінің екі F-15 ұшағы қатысқан, олар 9 сәуірде Ливан аумағынан сегіз басқарылатын ұшақ жіберген, деп хабарлады РИА Новости. Израиль әскері Ресей қорғаныс министрлігінің бұл мәлімдемесіне жауап берген жоқ.

Сирияның Хомс провинциясындағы әскери аэродромның зымыранмен атқыланғаны туралы Сирия ақпарат құралдары да хабарлаған. Олардың мәліметтеріне қарағанда, сегіз зымыранды Сирияның зымыранға қарсы жүйесі атып түсірген. Алдын ала мәліметке қарағанда, зымырандар аэродром маңына құлаған. Сирияның ​САНА ақпарат агенттігі зымыран шабуылынан адамдар зардап шеккенін хабарлады, бірақ нақты саны әзірге белгісіз. "Бұл АҚШ-тың агрессиясы болуы мүмкін", - деп хабарлады агенттік.

АҚШ зымыран шабуылына қатысы жоғын мәлімдеді. Пентагон мәлімдемесінде "Қорғаныс министрлігі бұл уақытта Сирияда әуе соққыларын жасаған жоқ" делінген.

Бұның алдында АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинді және Иранды Сириядағы химиялық шабуылға жауапты деп айыптаған. Трамп кінәлілер "жазасыз тартады" деп уәде берген. Сирия билігі мен Ресейдің қорғаныс министрлігі Дума қаласында химиялық қару қолданды деген айыптарды жоққа шығарып отыр.

XS
SM
MD
LG