Ссылки доступа

Қырғызстан Шыңғыс Айтматов атындағы орден тағайындауды ұсынып жатыр


Қырғызстанның бірқатар парламент депутаттары әдебиет, кино және өнер саласындағы ерен еңбектері үшін "Шыңғыс Айтматов" атындағы орден тағайындауды ұсынып жатыр.

Бұл сыйлықпен бейбітшілікті нығайту, адамгершілікті насихаттайтын және рухани дамуға септігін тигізіп жатқан шетел азаматтарын да марапаттау көзделген.

Бұл бастама Шыңғыс Айтматовтың 90-жылдығы қарсаңында көтеріліп отыр.

Заң жобасы Жогорку Кеңештің қарауына жіберілді. Бүгінгі күнге дейін Қырғызстанда 6 мемлекеттік орден бар. Олар - I, II, III дәрежедегі "Манас", "Құрманжан датқа", "Дәнекер", "Даңқ", "Достық" және "Батыр ана".

ЮНЕСКО мәліметі бойынша, Айтматов қазіргі заманда ең көп оқылатын авторлардың бірі. Оның шығармалары 176 тілге аударылып, әлемнің 128 елінде 100 данамен басып шығарылған. Айтматов шығармалары көптеген елдің мектеп оқулықтарына енгізілген.

XS
SM
MD
LG