Ссылки доступа

Тәжікстан билігі оқушылардың жаппай есінен тануын "истерия" деп атады


5 сәуірде Тәжікстанның Чарга ауылының 5 және 9 сынып оқушылары дәріс кезінде жаппай есінен танып қалған. Жергілікті дәрігерлер жедел жәрдем көрсеткен. Бірақ әлі күнге дейін бұл оқиғаның себебін анықтай алмай отыр.

Тәжікстанның әлуеметтік қорғау және денсаулық сақтау министрлігі Чарга ауылындағы болған оқиғаны оқушылардың "истериясы" деп атады.

"Министрліктің арнайы комиссиясы жіті тексеру жүргізу нәтижесінде оқушыларда сыныптасының есінен тануынан жаппай истерия болғаны анықталды", - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Мәлімдемеге сәйкес, дәрігерлер, мұғалімдер, психологтар кіретін комиссия мүшелері Чарга ауылындағы барлық үйді аралап, үйлерден уланған су және тағам анықтамаған.

Чарга ауылының тұрғыны Хамид Одинаев екі немересінің бірдей есінен танып қалғанын айтады. «Біреуі мектепте, біреуі үйде есінен танып қалды. Біз мұндай жағдайға бірінші рет тап болып отырмыз. Қазір екеуі де дәрігердің қарауында», - дейді ол.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың маусым айында Ходжагалтон ауылының ондаған оқушысы дәріс кезінде естерінен танып қалған. Кейін белгілі болғандай, 25 оқушының жәндіктерге қарсы қолданылған улы заттан уланғаны анықталған.

XS
SM
MD
LG