Ссылки доступа

Өзбекстанның салық комитетінде "ірі қаражат жетіспейді", басшысы тергеліп жатыр


Глава Государственного налогового комитета Узбекистана Батыр Парпиев (первый слева).
Глава Государственного налогового комитета Узбекистана Батыр Парпиев (первый слева).

Өзбекстанның Мемлекеттік салық комитетінде ірі көлемде қаражат жетіспеушілігі анықталып, оның басшысы - генерал Батыр Парпиев Қаржы министрлігінің Бас бақылау және ревизия басқармасының сұрақтарына жауап беріп жатыр.

Салық комитетіндегі дереккөздің мәліметіне қарағанда, "ондаған миллион доллар" қазынаға жетпей қалған.

Қаржы министрлігі Бас бақылау және ревизия басқармасы қызметкерінің айтуынша, нақты қанша сома жетіспейтіндігі анықталып жатыр. Бас прокуратураның өкілі бұл қаражатты Батыр Парпиевтен талап еткенін ғана хабарлады.

Генерал Парпиевтен бөлек, салық комитетінің тағы бірнеше қызметкері тергеліп жатқаны белгілі болды.

13 ақпанда президент Шавкат Мирзияев Бас прокуратура мен Қаржы министрлігіне салық комитетінде ауқымды тексеру жүргізуін тапсырған. Бас прокуратура комитетке әуелі 30 адамын, кейін тағы 65 қызметкерін жіберген.

Бас прокуратура қызметкерінің сөзіне қарағанда, комитеттегі тексерулер аяқталған, бірақ Бас бақылау және ревизия басқармасының қызметкерлері әлі сонда жұмыс істеп жатыр. Хабарларға қарағанда, салық комитетіндегі тексеру 15 сәуірге дейін жалғасады, оның нәтижесі президент Мирзияевке хабарланады.

XS
SM
MD
LG