Ссылки доступа

Тәжікстан Түркиядан "24 тобы" басшысы мен белсендісін экстрадициялауды сұрады


Насим Шарипов и Сухроб Зафар
Насим Шарипов и Сухроб Зафар

Тәжікстан Түркиядан елде тыйым салынған "24 тобы" ұйымының екі белсендісі Сухроб Зафар мен Насим Шариповты экстрадициялауын сұрады. Бұл екеуін түрік полициясы 19 наурызда Стамбулда ұстаған.

Тәжікстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Умаржон Эмомалидің айтуынша, түрік билігімен "24 тобы" ұйымының екі белсендісін экстрадиицялауға қатысты келіссөздер жалғасып жатыр.

Оның айтуынша, "24 тобы" ұйымының жетекшісі Сухроб Зафар (Тураев) пен белсендісі Насим Шарипов іздеуде болған, сол себепті Тәжікстан Түркиядан оларды экстрадициялауын сұраған. Өтініштің нақты қашан жолданғаны белгісіз.

Бұл уақытта Түркияның конституциялық соты "24 тобының" екі белсендісін экстрадициялауды үш айға тоқтатты, осы мерзімнің ішінде тиісті органдар оларға отанында қозғалған істерді зерттеп шығады. Бұл туралы конституциялық соттың қаулысында айтылған.

Зафар мен Шарипов ұсталған уақыттан бері шамамен бір ай өтті. "24 тобы" ұйымы оппозиционерлерді Тәжікстан арнайы қызметінің өтініші бойынша ұстаған деп есептейді. Бұған дейін ұйым өкілі Саидали Ашуров тағылған айыптардың саяси астарын ескеріп, түрік билігі оларды босатады деп үміттенген.

Ашуровтың айтуынша, Сухроб Зафарды отанында конституциялық құрылымды күшпен жоюға шақырды деп айыптаған. "24 тобы" жетекшісінің есімі Тәжікстанның терроризмге қатысы бар делінетін "қаза тізіміне" енгізілген.

XS
SM
MD
LG