Ссылки доступа

Түркімен үкіметі Гарлык тау комбинатының құрылысы мәселесін талқылады


Түркіменстан бір жылдан соң Беларусьтың Гарлык калий тау кен байыту комбинатындағы олқылықтарды анықтап, Минискіге талап дайындап жатыр, деп хабарлады 5 сәуірде tut.by порталы.

Гарлык калий комбинатының құрылысы мәселесі 6 сәуірде Түркіменстан үкіметінің отырысында талқыланған.

Президент Гурбангулы Бердымұхамедов вице-премьерге комбинат құрылысы жөніндегі құжаттарды дайындап, ұсынуын тапсырған. Бұл жобалар түркімен экономикасына маңызды болғандықтан, олардың тиянақты дайындалу керектігі айтылды. Бұл туралы үкімет отырысынан соң мемлекеттік ТДХ ақпарат агенттігі хабарлады.

Ресми ақпараттан мәлім болғандай, Лебап уәлаятында калий тыңайтқышын өндіруге арналған комбинатқа, сонымен бірге Ашхабад-Түркіменабат автомагистралын салуға 16 наурызда Түркіменстан кәсіпкерлері мен өнеркәсіп иелері жеңілдіктен 3 млрд доллар несие бөлген.

Лебап облысында алғашқы калий тыңайтқышын өндіру зауытын салған Беларусь тарапына талап қою мәселесі үкімет отырысында қаралған-қаралмағаны белгісіз.

Гарлык комбинаты 31 наурызда, Беларусь президенті Александр Лукашенконың Түркіменстанға сапары кезінде ашылды.

Құны 1 миллиард доллардан асатын комбинат жылына 1 миллион 400 мың тонна калий тыңайтқышын өндіреді.

XS
SM
MD
LG