Ссылки доступа

Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы автобус маршруттары мамырда іске қосылады


Тәжікстан мен Өзбекстан автобус қатынасын мамыр айында іске қосады.

"Тәжікстан мен Өзбекстан көлік министрлігінің өкілдері апта соңында автобус қатынастарын қайта іске қосу туралы келісімге қол қояды. Олар екі мемлекеттік ірі қалалаларын жалғастырады. Жолаушы автобустары биыл мамыр айында қатынай бастайды", - деп хабарлады "Asian Express" тәжік компаниясының өкілі.

Автобустар Душанбеден Өзбекстанның Денау және Термез қалаларына, Пенжикенттен Самарқанға, және Худжандтан Ташкент пен Ферғанаға қатынайды.

Жолақы тарифтері және бағыт кестесі келісім қабылданған соң жарияланады, деп жазды Тәжікстан ақпарат құралдары.

Өзбекстан қалаларына жолаушы рейстерін тәжіктің "Asian Express" компаниясы жүргізеді, ал өзбек компаниясын Өзбекстанның көлік министрлігі жариялайды.

XS
SM
MD
LG