Ссылки доступа

Батыс Қазақстанда 70 миллион теңгенің бөгеті бұзылды


Батыс Қазақстан облысында бөгет бұзылды. Орал қаласынан 40 шақырым жердегі Переметное ауылының маңында Деркөл өзені бойындағы бөгет өткен жылы қараша айында ғана салынған еді.

Дамба қар еріген уақытта өзен суын ауыл қажетіне қарай бөгеп отыруға арналған. Мердігер құрылыс ақауын жөндеп жатыр, деп хабарлады жергілікті билік.

Азаттык бұл бөгеттің ауыл тұрғындары үшін қаншалықты маңызды екенін жазған.

Аудан әкімінің орынбасары Мұрат Залмұқановтың айтуынша, мердігер бөгеттің жырылған тұсын уақытша бөгеген, "су осылай тоқтатылған". Қазір бұл жерде құрылыс бригадасы жұмыс істеп жатыр.

Бөгетті 70 млн теңгеге салған компания, әкімшіліктің хабарлауынша, құрылысқа екі жыл бойы қызмет көрсетуі тиіс.

XS
SM
MD
LG