Ссылки доступа

Түркіменстанда тағы да доллар қымбаттады


Түркіменстанның Лебап облысы, банк ғимараты жанында (мұрағат суреті)

Түркіменстанда АҚШ доллары бағамы тағы да көтерілді. Бұл тек "қара базардағы" валютаға қатысты болып тұр. Ал ресми бағам 1 АҚШ доллары 3.5 манат деңгейінде сақталып тұр.

Азатлык тілшісінің хабарлауынша, Ашхабадтың көлеңкелі нарығында 10 сәуір күні 1 АҚШ долларын 14.4-14.6 манатқа сатқан.

Түркіменстанда ресми валюта айырбастау 2016 жылдан бері тыйым салынған. Бірақ Түркіменстанның Орталық банкінде ресми бағам 2015 жылғы қойылған деңгейде сақталып, 1 АҚШ доллары 3.5 манат болып тұр.

2017 жылдан бастап Түркіменстанның Сыртқыэкономбанкі тұтынушыларына шет мемлекеттерде қолма-қол шетел валютасын алуға шектеу қойған.

XS
SM
MD
LG