Ссылки доступа

Ресей БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Сирия жөніндегі резолюция жобасына вето қойды


БҰҰ жанындағы Ресейдің тұрақты өкілі Василий Небензя
БҰҰ жанындағы Ресейдің тұрақты өкілі Василий Небензя

Ресей БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Сириядағы химиялық шабуылды зерттеу механизмі жөніндегі резолюцияның америкалық жобасына вето қойды. Резолюция жобасын 12 мемлекет қолдаса, Ресей мен Боливия қарсы болды, Қытай қалыс қалды.

«Бұл резолюция химиялық шабуылға жауап беруге Қауіпіздік кеңесінің қолынан келетін абсолютті минимум болып саналады», – деді БҰҰ жанындағы АҚШ өкілі Никки Хейли дауыс беру алдында.

"Тіптен егер мұндай жоба қабылданды деп ойласақ, мұндай зерттеуге бірнеше ай кетеді", - деп мәлімдеді БҰҰ жанындағы Ресей өкілі Василий Небензя. "Сіздер Сирияның Дума қаласында химиялық шабуыл іздері анықталмады деген уәжді тыңдағыларыңыз келмейді", - деп атап өтті ресейлік дипломат.

XS
SM
MD
LG