Ссылки доступа

Қырғызстанда Бас прокурорды отставкаға жіберді (видео)


Қырғызстанның Жогорку Кенеші президент Сооронбай Жээнбековтің бас прокурор Индира Жолдубаеваны отставкаға жіберу туралы ұсынысын қабылдады. Шешімді 105 депутат қолдап дауыс берсе, екеуі қарсы шыққан.

Бұған дейін мемлекет басшысының ұсынысын Жогорку Кенештің конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылым, сот-құқық мәселелері мен регламент жөніндегі комитеті мақұлдаған. Оған дейін "Ата Мекен" және "Республика - Ата Журт" фракциялары бас прокуратура есебін қанағаттандырарлықсыз деп таныған.

Парламент депутаты Жанар Акаев отырыста сөз сөйлеп, қызметтен шығарылған бас прокурор мен МҰҚК төрағасы "саяси тапсырыстары" үшін жазалануы тиіс деп мәлімдеді.

"Қырғыз шенеуніктері үшін ең үлкен жаза - отставка. Біз бұны түсініп үлгердік. МҰҚК төрағасы, бас прокурор адамдардың тағдырларымен ойнап, мұнда [парламентте] біз бақпай біздің сөзімізді бөліп отырды. Біз неге оларды тек қана отставкаға жібере салуымыз керек? Бұлай болмауы тиіс. Олар адамдардың тағдырлары мен саяси тапсырыстары үшін жауапқа тартылуылары керек. МҰҚК жаңа төрағасы мен бас прокурор саяси тапсырмалар орындамас үшін, біз оларды жауапқа тартуымыз қажет", - деді ол.

Индира Жолдубаева бұл қызметке 2015 жылдың қаңтарында сол кездегі президент Алмазбек Атамбаев ұсынысымен тағайындалған. Бас прокурор қызметіне халыққа таныс емес адамның отыруына қатысты сындар айтылған. Соның кезінде оппозиция өкілдері, депутаттар мен саясаткерлерге қарсы қылмыстық істер қозғалып, олардың көбісі түрмеде отыр.

XS
SM
MD
LG