Ссылки доступа

Қырғыз-өзбек шекарасында жанжал шықты


Баткен облысындағы Сох өзбек анклавының тұрғындары Қырғызстан азаматын ұрған. Бұл туралы Суу-Башы ауыл басқармасының басшысы Кудайберди Козуев хабарлады. Қырғызстан мемлекеттік шекарашылары ақпаратты тексеріп жатыр.

Кудайбердиевтің айтуынша, Боз-Адыр, Кара-Токой және Ширеч ауылдарының тұрғындары ауыз суды "Ширеч" су айдау станциясынан алады. 10 сәуірде Сох өзбек анклавындағы Шархабат ауылының тұрғындары станция қызметкерін ұрған. Ол Баткен облыстық ауруханасына түсті.

Ауыл басқармасы басшысының айтуынша, су станциясы орналасқан аймақ Қырғызстанға қарайды, бірақ ол Сох анклавының ішінде орналасқан. Қазір жағдайды милиция, шекара қызметі және екі жақтың жергілікті биліктері бақылап отыр. Қырғызстанның Баткен ауданы мен Өзбекстанның Сох ауданының әкімдері келіссөз жүргізеді.

Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметі ақпараттың тексеріліп жатқанын хабарлады.

2018 жылы 7 сәуірде Жалал-Абад облысы Аксый ауданында өзбек шекарашылары Қырғызстан азаматына белгісіз себептермен оқ атқан. Ауыр жараланған азамат ауруханада қаза тапты.

XS
SM
MD
LG