Ссылки доступа

Өзбекстан мен Түркіменстан Бердымұхамедовтың Ташкентке сапарын пысықтады


Өзбекстан мен Түркіменстанның сыртқы істер министрліктері Гурбангулы Бердымұхамедовтың Ташкентке мемлекеттік сапарына дайындалып жатыр.

Бұл туралы Ашхабадта сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси кеңесте сөз болды.

Екі ел жоғары деңгейдегі өзбек-түркімен кездесулеріне тиянақты дайындалып жатқаны жиналыста айтылды. Бұл кездесу екі ел қарым-қатынасындағы елеулі оқиға ретінде қабылданып, көрші халықтардың достығын нығайтады делінген.

Кездесуде өзбек және түркімен тараптары халықаралық және аймақ мәселелері жөнінде пікір алмасқан.

XS
SM
MD
LG