Ссылки доступа

Тәжікстандағы бес партия қалалық кеңестегі үш орынға күреседі


Тәжікстандағы саяси партиялар Душанбе халық депутаттарының Мәжілісінде босап қалған үш орынға күресін бастады. Аралық сайлау нәтижелері 6 мамырда белгілі болады.

Халық депутаттарының қалалық кеңесіне аралық сайлау үш депутаттың түрлі себептермен орын босатуынан кейін жарияланды. Бұның алдында коммунистер өкілі Субхон Сафиаллоев "алаяқтық жасады" деп айыпталды. Ол мемлекеттік мекемелердің біріне хабарласып, өзін ел президентінің көмекшісі Асадулло Рахмон деп таныстырған, сөйтіп 12 мың сомони бөлуін сұраған. Ақшаны өз қалауына қарай жаратқан.

Биыл наурыз айында Шахноз Рахматуллозода басқа жұмысқа ауысуына байланысты Мәжілістен кетсе, Шох Давлатов басқа елге көшуіне байланысты қалалық кеңестегі қызметінен бас тартты.

Қалалық мәжіліске халық депутаттарын сайлау жөніндегі төрағасы Абдулло Холиковтың айтуынша, сайлауға қатысуға 8 үміткер ниет білдірген, олардың арасында бір әйел бар. Социал-демократтар мен Демократиялық партия өз үміткерлерін ұсынбады, бірақ олардың өкілдері сайлау округтеріндегі комиссия құрамына кіреді.

Социал-демократтардың басшысы Рахматилло Зоиров партиясының 2020 жылғы парламенттік сайлауға дайындалатынын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG