Ссылки доступа

Астана: Австриядағы елшілікке қатысты сотта бітім жасалды


Қазақстан үкіметі австриялық A.V. Maximus Holding AG&Со компаниясымен арадағы дауды бейбіт реттеу туралы келісім жасасты деп хабарлады 11 сәуір күні Әділет министрлігі.

Министрліктің ресми сайтында жарияланған хабарламада келісім бойынша компания Қазақстанға 261500 еуро қаржы қайтарып бергені айтылған.

Реси мәлімет бойынша, 2008 жылы A.V. Maximus Holding AG&Со компаниясы Қазақстанның Австриядағы елшілігінен "жалға алу ақысына төленуі тиіс" 1 миллион 209 мың еуро қаржыны өтеу туралы сотқа арыз түсірген. Ал 2010 жылы Қазақстан үкіметі бұл компаниядан "заңға қайшы жасалған келісім бойынша төленген жалға алу ақысы мен кепілді" өтеу туралы талаппен қарсы арыз түсірген.

Әділет министрлігінің хабарлауынша, 2017 жылдың соңында A.V. Maximus Holding AG&Со компаниясы Вена сотының ұсынысымен дауды бейбіт реттеу туралы ұсыныс жасаған. "Мұның нәтижесінде тараптар 2018 жылы наурыздың соңында дауды Қазақстанға 261500 еуро төлеу арқылы бейбіт реттеу туралы келісім жасасты" делінген министрлік хабарламасында.

Сәуірдің басында Вена соты осы келісім бойынша істі жапқан.

XS
SM
MD
LG