Ссылки доступа

Қырғызстанда наразылық білдірушілер Макмал алтын өндіру кенінің ғимаратын өртеді


Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Тогуз-Тороу ауданы тұрғындары «Жи Эл Макмал Девелопинг» алтын өндіру компаниясының ғимаратын өртеп жіберген. Бұл жөнінде Азаттыққа куәгерлер хабарлады. Әлеуметтік желі қолданушылары да оқиғаны суретке түсіріп, жариялап жатыр.

Жергілікті тұрғындар осыған дейін де Макмал кен орнынан алтын шығаратын фабрика салуға қарсы болған. 11 сәуірде 500-ге жуық адам тағы да митингке шыққан.

Тогуз-Тороу әкімдігі халықтың наразылыққа шығып жатқанын растады. Бірақ түсініктеме беруден бас тартты.

ІІМ мәліметі бойынша, митингке шыққан жастар алдарына келген комиссия өкілдеріне қарсы тас лақтыра бастаған. Одан кейін жиналғандар фабрика аумағына қарай лап беріп, салынып жатқан ғимарат құрылысына өрт қойған. Сонымен бірге салынған үйлерді, техникаларды да өртеген.

Қырғызстанның премьер-министр Сапар Исаков 11 сәуірде Тогуз-Тороу ауданы әкімі Тілек Идирисовты қызметінен алған. Исаков халықты арандатуға алданбауға шақырған.

Осыған дейін фабрика құрылысы тоқтап қалғаны айтылған.

XS
SM
MD
LG