Ссылки доступа

Түркіменстанда биыл ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтеді (видео)


Олимпиада кешені, Ашхабад
Олимпиада кешені, Ашхабад

Биыл 28 қазан - 10 қараша аралығында Ашхабадта ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтеді. Оған әлемнің 70 елінен спортшылар қатысады.

Ауыр атлетика жөніндегі халықаралық федерацияның (IWF) орындаушы комитеті 2017 жылдың қараша айында 2018 жылдың әлем чемпионатын Түркіменстан астанасында өткізу жөнінде шешім қабылдаған.

"Әлем чемпионаты ауыр атлетикадан үш дүрсін чемпион Алтымұрад Ораздурдыевтың отанында өтетіні қуаныш. Түркменстан АҚШ-та өткен Анахайм-2017 әлем чемпионатында бірінші вице-жеңімпаз болған зілтемірші Кристина Шерметовамен де мақтанады", - деп жазады Дипломат.ру басылымы.

Былтыр қыркүйек айында Түркіменстанда жауынгерлік өнер түрлері бойынша V-Азия ойындары өткен.

XS
SM
MD
LG