Ссылки доступа

Ильхам Алиев Әзербайжан президент сайлауында алда келеді (видео)


Ильхам Алиев әйелімен бірге сайлау учаскесінде
Ильхам Алиев әйелімен бірге сайлау учаскесінде

Әзербайжан президенті сайлауында қазіргі президент Ильхам Алиев алда келеді. Экзит-поллдың мәліметі бойынша, Алиев сайлаушылардың 86 пайыз дауысын алған.

Алдын ала мәлімет бойынша, сайлауға 70 пайыз адам қатысқан.

Ел оппозициясы сайлауға бойкот жариялады. Себебі Конституцияға сәйкес, сайлау жарты жылдан кейін өтуі тиіс болған. Оппозиция өкілдері сайлау мерзімін ауыстыру арқылы президентке нағыз бәсекелестерді халықпен кездесуге кедергі келтірді деп есептейді.

2016 жылы Әзербайжанда Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум өтті. Президент мерзімін бес жылдан жеті жылға дейін ұзартты. Қазіргі президент бұрынғы президент Гейдар Алиевтің ұлы. Ильхам Алиев әкесінің мұрагері болып, тақта 15 жылдан бері отыр.

XS
SM
MD
LG