Ссылки доступа

Азия: теңгенің құлдырауы және Әзірбайжандағы сайлау (видео және суреттер жинағы)


Аймақтардағы бұқаралық ақпарат құралдары үшін материалдарды толық немесе жартылай пайдалануға толық рұқсат беріледі. Қолданушылардың сұрауы бойынша бейне-роликтердің түпнұсқасын ұсына аламыз. Сонымен бірге Директ коллекциясындағы кез-келген видеоны пайдалана аласыздар.

- Азия: теңгенің құлдырауы және Әзірбайжандағы сайлау. Ресей бизнесіне қарсы санкцияларға байланысты қазақ теңгесі де құлдырады, Ұлттық банк басшысы тыныштыққа шақырды. Әзірбайжанда президент сайлауы өтті. АҚШ кемелері Сирия жағалауына жақындап келеді. (видео)

- Валюта жиынында құнсыздану айтылмады. Астананың ақша ауыстыру пункттерінде АҚШ долларының бағасы 332 теңгеге жетті. Ал Қазақстан мәжілісі "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады (видео)

- Шиелідегі газ дауы. "ҚазТрансГаз" компаниясы Қызылорда облысы Шиелі кентінің 60-тан астам тұрғынын сотқа берген. Компания "тұрғындар үйлеріне газды заңсыз тартып алған" дейді. Ал шиеліліктер газды мердігер компания қосып бергенін, күзден бері ай сайын ақысын төлеп отырғандарын айтады (видео)

- Трамп Ресейге АҚШ-тың Сирияны зымыранмен атқылауына "дайындалуын" ескертті. (видео Директ)

- Қырғызстанның Тогуз-Торо ауданында тұрғындар милицияны таспен атқылаған. 11 сәуірде Жалал-Абад облысы Тогуз-Торо ауданының тұрғындары алтын өндіру фабрикасының құрылысына қарсы шығып, «Джи Эл Макмал Девелопинг» компаниясының ғимараттары мен арнайы техникаларын өртеп жіберді. (видео)

- Абдылдаев: жаңа бас прокурорға ешкім қысым көрсетпеуі тиіс. Бас прокуратураға өз функцияларын қайтару қажет. (видео / Қырғызстан)

- Казакбаев: Бабанов Мәскеуде кәсіпкерлікпен шұғылданады. «Республика-Ата Журт» парламенттік фракциясының бұрынғы басшысы Омурбек Бабанов Мәскеуде кәсіпкерлікпен шұғылданады. Бұл туралы фракция мүшесі Руслан Казакбаев айтты. (видео / Қырғызстан)

- "Мен турист емеспін". Илья Яшин неге Мәскеу мэрі болғысы келетінін түсіндірді. Мәскеудің Красноельск ауданы депутаттар кеңесінің басшысы Илья Яшин астана мэрі сайлауына қатысады. (видео Настоящее время)

- Азаптау құрбандары әділдік күтеді (видео / Қырғызстан)​

- Рубль құлдырап барады. Сириядағы жаңалықтар мен Трамптың мәлімдемелерінен соң Ресей рубльі құлдырады. (видео Директ)

- Кемероводағы өрттен соң: Ресейде өрт қауіпсіздігін тексеріп жатыр. (видео Директ)

- Түркіменстан: Апта суреттері​. (фотогалерея)

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! МЫҢДАҒАН АУДИО ЖӘНЕ БЕЙНЕЖАЗБАНЫ КӨРУГЕ ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР ҮШІН ЛОГОТИПСІЗ БЕЙНЕЖАЗБАЛАРДЫ КӨШІРУ МҮМКІНДІГІМЕН ТАНЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

XS
SM
MD
LG