Ссылки доступа

Өзбекстанда Діни басқарманың екі шенеунігін бір күнде жұмыстан шығарды


Уволенный с занимаемой должности в ДУМУ Мубашшир Ахмад.

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы Хатшылығының меңгерушісі Ұлықбек Сұлтанов пен оның көмекшісі Мубашшир Ахмад 10 сәуірде жұмыстан шығарылды. Олардың еңбек келісім-шарттарын бұзған.

10 сәуірде Ташкенттегі екі мешітте имам-хатиб болып істеген Шермурод Тогайдың (Әлішер-домла есімімен белгілі) да жұмыстан шығып қалғаны белгілі болды.

"Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы хатшылығында істеген Ұлықбек Сұлтанов пен оның көмекшісі Мубашшир Ахмадтың жұмыстан шығарылуының ешқандай саясатқа қатысы жоқ", - деді кадр бөлімінің қызметкері.

Сұлтановты жақын танитын бір имамның айтуынша, оны "діни басқарма ұстанымына қайшы келетін мәлімдемелерін әлеуметтік желілерде таратты" деп айыптаған.

Мубашшир Ахмад "жұмыстан шығып қалғанына қысылмайтынын" айтты. Ол - Azon.uz сайтының құрылтайшысы. Бұл сайтта түрлі діни мәселелерге қатысты пікір-талас туғызатын мақалалар жарияланып тұрады.

Дереккөздердің мәліметтеріне қарағанда, Мубашшир Ахмад "әлеуметтік желілер мен баспасөздегі діни ұрандарынан" соң бірқатар діни қайраткерлерге жақпай қалған.

XS
SM
MD
LG