Ссылки доступа

Түркіменстанның оңтүстігінде екі бөлке наннан ғана сатып жатыр


Мары қаласындағы мемлекеттік азық-түлік дүкендері адам басына екі бөлке наннан ғана сатып жатыр. Бұл туралы Түркіменстандағы Азатлык тілшісі мен тәуелсіз басылымдар хабарлады.

Мемлекеттік дүкендерде нан мен азық-түлік алдын ала белгіленген бағамен сатылады.

"Қарапайым бөлке нан сөрелерде көп жатпайды. Оны сатып алу үшін дүкеннің ашылуын күтіп тұру керек. Халық кезекке тұрып жатқанда, нан таусылып қалады. Адам басына екі бөлке наннан ғана береді", - деп хабарлады "Альтернативные Новости Туркменистана" басылымы.

Мары қаласында нан шектеулі мөлшерде сатылатынын Азатлык тілшісі де растады. ​"Дүкенде кезекте тұрғандардың барлығына нан жетіспейді. Адам басына 1-2 бөлкеден ғана таратып жатыр. Нан жетпей қалғандары тағы әкелуін күтумен болады", - деп хабарлады Азатлык тілшісі. Оның айтуынша, қазір жергілікті наубайханаларда да нанға кезекте тұрғандар көбейген.

Бұған қоса халыққа арналған ұнды да шектеулі мөлшерде сатып жатыр. Оның өзі әдетте сапасыз болып шығады. Бұған дейін хабарланғандай, мемлекеттік дүкендерде адам басына 5 келі ұннан артық сатпайды.

Бұның алдында Азатлык дереккөздері халық кебек пен жүгері ұнын тұтына бастағанын хабарлаған еді. Түркіменстан билігі азық-түлік дағдарысын мойындамай отыр.

Давка в очереди за отрубями в Дашогузе
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:48 0:00

XS
SM
MD
LG