Ссылки доступа

Қырғызстан: Макмал алтын кеніндегі оқиға үшін шенеуніктерді жазалауын талап етті


Қырғызстан парламентінің депутаттары Жалал-Абад облысы Макмал алтын кеніндегі тәртіпсіздікке жол берген шенеуніктерге шара қолдануын талап етті.

Депутат Айтмамат Назаровтың мәлімдеуінше, кеніштегі жағдай "Қырғызстанның халықаралық беделіне нұқсан келтірді, соның салдарынан мемлекет экономикалық шығынға бататын болды".

Оның айтуынша, кендегі жанжал біраз уақыттан бері талқыланып келеді, бірақ билік осы уақытқа дейін тиісті шара қолданбаған. Депутаттың пікірінше, аудан басшысын жұмыстан алумен ғана шектелуге болмайды, одан басқа да шененуніктердің жауапкершілігін қарау керек.

Депутат Ирина Карамушкина Жалал-Абад облысы ішкі істер департаментінің басшысын қызметтен алуды ұсынды. Өйткені ол "алдын ала ескерту шараларын қолданбады" деп есептейді депутат. Парламент спикері Дастан Жұмабеков халықтың мәселесі шешілмей, оның соңы кендегі тәртіпсіздікке ұласты деп мәлімдеді. Бұған қоса ол шенеуніктерді жауапқа тартуды талап етті.

11 сәуірде Жалал-Абад облысы Тогуз-Торо ауданының тұрғындары Макмал алтын кенінде «Джи Эл Макмал Девелопинг» компаниясының бірнеше ғимараты мен арнайы техникаларын өртеп жіберді. Олар милииция қызметкерлері мен комиссия мүшелерін таспен атқылаған. Оқиға болған орынға милицияның қосымша күштерін алдырды.

Алтын кеніндегі жағдайдан соң Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаков Тогуз-Торо ауданының әкімін жұмыстан алды.

XS
SM
MD
LG