Ссылки доступа

Тәжікстанда әскери комиссариат қызметкері жалған әскери билет үшін пара алған


Тәжікстанда Фархор ауданының әскери комиссариаты қызметкері Мехруз Тоиров 5 мың сомони (550 доллар) пара алып, әскерден жалтарғандарға жалған әскери билет жасағаны үшін ұсталды.

Оны елдің Жемқорлықпен күрес және мемлекеттік қаржы бақылауы жөніндегі агенттігінің қызметкерлері 10 сәуірде пара алу кезінде қолға түсірген.

Агенттіктегі дереккөздің хабарлауынша, Мехруз Тоировқа "алаяқтық жасады" деген айыппен қылмыстық іс қозғалды.

Әскери комиссариат қызметкерлері осымен бірнеше мәрте пара алғаны үшін ұсталып отыр. Биыл қаңтар айында 300 доллар парамен Куляб ауданының әскери комиссариатының қызметкері Рустам Бурхонов ұсталған еді. Ол да пара үшін жалған әскери билет жасап беруге уәде еткен.

Тәжікстанда 1 сәуірде көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды.

XS
SM
MD
LG