Ссылки доступа

Роскомнадзор Telegram мессенджерін тез арада бұғаттауын сұрады


Роскомнадзор соттан Telegram мессенджерін бұғаттауын сұрады. Шағым сотта 13 сәуірде қаралады, деп хабарлады "Интерфакс" агенттігі.

Дүйсенбі күні Роскомнадзор мессенджер сот шешімі шықпайынша бұғатталмайтынын мәлімдеген.

Бұның алдында аталған мекеме Telegram мессенджерін Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) сұрауымен бұғатау туралы сотқа шағымданған. Бұған қоса мекеме мессенджер қолданушылары қалдырған жазбалардың құпия кілтін ФСБ-ге тапсыруды талап еткен. Өткен аптада мессенджар басшылығына берілген уақыт аяқталды.

Telegram басшылығы бұл талаптарды орындаудан бас тартты. Компания қолданушылар мәліметтерін құпия сақтау үшін Ресей Конституциясына жүгінген. Оның үстіне компания құпия кілттерді беру техникалық жағынан да мүмкін емес деп отыр.

Ресей журналистері Олег Кашин мен Александр Плющев Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотқа шағымданды. Арызданушылар интернеттегі жазбаларға бақылау орнату Адам құқықтарын қорғау жөніндегі конвенцияға қайшы деп есептейді.

XS
SM
MD
LG