Ссылки доступа

Тәжікстанда имамдар жастарды әскерге баруға үгіттеп жатыр


Гиссар өңірінің ондаған мешіт қызметкерлері жастарды әскерге баруға үгіттеп жатыр. Бұл жөнінде орталық мешіттің имам-хатибы Шарофиддин Фозиловтың өзі хабарлады.

Оның сөзінше, жергілікті мешіттің имамдары әскери комиссариаттың өкілдерімен әскерге шақырылған жастардың үйіне барып, отан алдында борышын өтеудің маңыздылығын айтып жатыр. «Біз патриотизм жайында, туған жеріне деген махаббат жайында, елдің тұрақтылығы жайында насихаттап жатырмыз», -дейді Шарофиддин Фозилов.

Тәжікстан президентінің жарлығы бойынша, әскерге шақыру кампаниясы 1 сәуірде басталып, 31 мамырға дейін созылады.

Тәжікстанның қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Қарулы күштер қатары жыл сайын 15-16 мың адамға толығады.

Қорғаныс мекемесінің баспасөз хатшысы Фаридун Махмадализода діни қызметкерлерді көктемгі әскерге шақыруға белсенді қатысуға тілек білдірдік дейді. «Біз былтыр да имамдарды жастармен кездесуге шақырғанбыз. Ол кезде имамдар тек мешітте уағыздар айтқан. Ал бұл жолы әскер қатарына шақырылған жастардың үйлеріне баруды сұрадық», - дейді ол.

XS
SM
MD
LG