Ссылки доступа

Түркіменстан президенті үш бірдей вице-премьерді қызметінен алды


Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов кезекті рет кадрлық өзгерістер жасап, үш бірдей вице-премьерді қызметінен алды. Бес облыстың басшысына сөгіс жариялады.

Бір жыл бойында мұнайгаз кешенін бақылап келген Мақсат Бабаев пен көлік саласына жетекшілік еткен Байрам Аннамередов үкімет басшысы орынбасарлары қызметінен алынды. Сонымен бірге сауда саласын қадағалап келген вице-премьер Оразмырат Гурбанназаров та қызметінен алынып, Сауда-өндіріс палатасының жетекшісі болып тағайындалған.

Жергілікті мемлекеттік баспасөздің хабарлауынша, үкімет отырысы кезінде Бердімұхамедов бірқатар шенеуніктердің жұмысына көңілі толмайтынын айтқан. Бір апта өткеннен кейін, сөгіс жариялаған шенеуніктер қызметтерінен алынған.

Бірақ соған қарамастан 11 сәуірде үкіметтің кезекті отырысында "елде экономика дамып, барлық салада жоғары көрсеткішке жетіп жатқаны" айтылған.

XS
SM
MD
LG