Ссылки доступа

Өзбек және қырғыз шекарашыларына бейбіт тұрғындарға оқ атуға тыйым салды


Өзбекстан мен Қырғызстан шекарашыларына бейбіт азаматтарға оқ атуға тыйым салу жөнінде келісімге келді. Бұл жөнінде Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің төрағасы Уларбек Шаршеев пен Өзбекстан шекара әскерінің қолбасшысы Руслан Мирзаев 7 сәуірде өзбек-қырғыз шекарасында қырғыз азаматының өліміне себеп болған қайғылы жағдайды талқылаған.

Құрамында құқық қорғау органдары өкілдері, шекара шенеуніктері және үкімет мүшелері бар екі елдің делегациясы кездесіп, «Мамай» өткізу бекетінде болған оқиғаны барып көрген. Оқиғаны жіті тексеру үшін жұмыс тобы құрылған.

«Екі елдің өкілдері шекарашыларға бейбіт тұрғандарға оқ атуға тыйым салу жөнінде келісімге келген. Тек шекарашы жеке өміріне қауіп төнген жағдайда ғана қару қолдана алады», – деп мәлімдеді қырғыз үкіметінің баспасөз қызметі.

XS
SM
MD
LG