Ссылки доступа

Бішкектегі Ош базарының өртенуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды


Қырғызстан астанасындағы Ош базары өртенген соң, "мүлікті қасақана бүлдіру немесе жою", "өрт қауіпсіздігін бұзу" фактілеріне байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Бішкек қаласының ішкі істер департаменті таратқан мәлімет бойынша, өрт 13 сәуірде түнгі сағат 3:50-де тұтанған. Өрт шыққан орын қоршауға алынып, милицияның 800-ден астам қызметкері осында жиналды.

Тілсіз жау "Берекет" базарындағы сауда орындарын күлге айналдырған. Алдын ала мәлімет бойынша, Ош базарын әдейі өртеген болуы мүмкін.

Өрттен жеті адам зардап шекті, олардың барлығы өрт сөндіру қызметінің мамандары. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, алтауы түтінге тұншығып қалса, біреуінің денесі күйген. Барлығы ауруханаға жатудан бас тартты, медициналық көмекті сол жерде алған.

Еске салайық, 2018 жылдың басынан бері Ош базарында үшінші мәрте өрт шықты. Бұның алдында "Сейтек" шағын базарында шамамен 700 шаршы метр сауда алаңы өртке оранған еді.

XS
SM
MD
LG