Ссылки доступа

Өзбекстанда тұтқындарды бақылайтын 2 мыңнан астам камера орнатылды


Өзбекстандағы уақытша ұстау абақтыларына - 1814, ал тергеу абақтыларына - 123, арнайы абақтыларға – 25, тұрғылықты мекені жоқтарды оңалту орталықтарына 283 видеобақылау камералары орнатылды. Бұл туралы елдің ішкі істер минстрі Пулат Бобожонов хабарлады.

Оның айтуынша, технианың 965-ы тұтқынды уақытша ұстау камераларына орнатылған, ал тергеу және адвокатпен кездесу бөлмесіне 327 камера қойылды. Дәліздер мен серуен орындарында да бақылау камералары бар.

Бұның барлығы азаматтарды азаптауға жол бермеу, тергеуді дұрыс жүргізу үшін жасалып отыр. Енді қылмыстық процеске қатысушылар тергеушілерді заңсыз әрекеттер жасады деп негіссіз айыптай алмайды.

Хабарларға қарағанда, бейнебақылау құралдары, мониторлар мен серверлерді орнатуға 5,2 миллиард сум (643 мың доллар) жұмсалған. Бұл қаражат Өзбекстан ішкі істер министрлігінің бюджеттен тыс арнайы қорынан алынған.

XS
SM
MD
LG