Ссылки доступа

Ашхабад түбіндегі екі елді мекен сүріледі


Снос зданий в Ашхабаде (архивное фото)
Снос зданий в Ашхабаде (архивное фото)

Түркіменстанның Ахал облысына қарасты Багабад қыстағы мен Маныш ауылы сүрілетін болды.

Есімдерінің мақалада аталғанын қаламаған Маныш тұрғындарының хабарлауынша, бұл ауылда әскери шекара бөлімі, мектеп пен медпунктен бөлек, 80-нен астам тұрғын үй бар. Билік тұрғындарға үйлердің сүрілетіні туралы ескерту қағаздарын таратқан, бірақ оларға жаңа баспана немесе өтемақы берілетіні туралы ештеңе айтылмаған.

Шенеуніктердің шешімдерімен келіспеген тұрғындар ресми ескерту алғанын растаудан бас тартқан, бірақ ауыр техникамен үйлерін сүріп тастай ма деп алаңдап отыр.

Азаттықтың Түркімен қызметімен тілдескен ауыл тұрғыны мұнда жарты ғасырдан астам уақыт тұратынын, мал және егін шаруашылығымен шұғылданатынын айтты. Жергіліктің тұрғынның сөзіне қарағанда, тұрғын үйлер кезінде колхоз әкімшілігінің рұқсатымен салынғанына қарамастан, қазіргі үкімет оларды заңсыз құрылысқа жатқызыпты.

Шамамен 160 адам тұратын Багабат қыстағының тұрғындары да Маныштағыдай күй кешіп отыр. Тұрғындардың бірінің хабарлауынша, мұнда бұрынғы Совет заманында тұрғызылған санаторий сүрілген, енді билік оның орнына 250 орындық емхана салуды жоспарлапты.

Бұған қоса жергілікті билік Багабад және Маныш елді мекендеріндегі орта мектептер мұғалімдеріне екі айдың жалақысы төленетінін, әрі қарай өз беттерімен жұмыс табу керектігін ескертіп қойған.

XS
SM
MD
LG