Ссылки доступа

Қазақстанда телеарналар мен радио жұмысы уақытша тоқтатылды


Қазақстанда 18 сәуірде "желідегі профилактикалық жұмыстарға" байланысты телеарналар мен радио жұмысы уақытша тоқтатылды деп хабарлады Қазақстандағы телерадио хабарларын тарату ұлттық операторы.

"Арналар 18 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 3-тен 17-ге дейін келісілген түрде және профилактикалық жұмыстардың бекітілген кестесі бойынша өшіріледі" делінген "Қазтелерадио" хабарламасында.

Оператор профилактикалық жұмыстар "антенна діңгегі нысанында орнатылған антенна-фидер құрылғысының" жай-күйін тексеру үшін күндіз жүргізілетінін айтады.

"Қазтелерадионың" хабарлауынша, профилактикалық жұмыстар кезінде қандайда бір мемлекеттік немесе коммерциялық телеарналар көрсетілмейді, өйткені жұмыстар "құрылғының барлық кешенінде" жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG