Ссылки доступа

Башқұртстанда жасөспірім мектепке пышақпен шабуылдады


Башқұртстанның Стерлитамак қаласында орта мектепке жасалған шабуылдан төрт адам ауруханаға түсті, олардың үшеуі - балалар. Бұл туралы ТАСС республиканың денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Светлана Кускарбековаға сілтеме жасап хабарлады.

Оның айтуынша, зардап шеккендердің жағдайлары "орташа" деп бағаланды, жарақат сипаты анықталып жатыр.

Бұның алдында Mash Telegram-арнасы қаладағы №1 мектепке сәрсенбі күні оқушы шабуылдады деп хабарлаған еді. Ол информатика кабинетін өртеуге талпынған, деп хабарлады РИА Новости агенттігінің шұғыл жәрдемдегі дереккөзі. Алдын ала мәлімет бойынша, шабуылдаушы тоғызыншы сыныпта оқиды. Шабуылдан соң ол өзін өлтіруге талпынған.

Оқиға орнында өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері мен тергеушілер жұмыс істеп жүр. Қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр.

2018 жылы қаңтарда Ресейде екі мектепке шабуыл жасалған. Пермь қаласында жасөспірім төртінші сынып оқушыларына пышақпен шабуылдап, 15 адам жараланды. Көп уақыт өтпей Улан-Удэ қаласында тоғызыншы сынып оқушысы жанармай құйылған бөтелкемен мектеп кабинетін өртеп, балтамен жеті адамды жаралаған.

21 наурызда Қорған облысының Шадринск қаласында 13 жастағы оқушы мектепте оқ атып, соның кесірінен жеті адам зардап шеккен.

XS
SM
MD
LG