Ссылки доступа

Өзбекстан: ұстаздар мен қарттарды балағаттаған Әндіжан басшысы ескертумен құтылды


Глава города Андижана Дильмурод Рахматуллаев.

Әндіжан қаласының басшысы Ділмурод Рахматуллаев Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Ариповтан соңғы мәрте ескерту алды. Өткен жылы сот оған жергілікті ұйым басшыларын, ақсақалдарды, мектеп директорларын "шие бөрілер, малғұндар, албастылар" деп балағаттағаны үшін 5 млн сум айыппұл салған.

Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов Әндіжан қаласының басшысы Ділмурод Рахматуллаевқа мектеп мұғалімдеріне көше тазалатып, оларды қымбат шыбықтар сатып алуға мәжбүрлегені үшін ескерту жасады.

17 сәуірде үкіметтің селекторлық жиналысында премьер-министр бірнеше хокимге сөгіс жариялап, Әндіжан қаласының басшысы Ділмурод Рахматуллаевқа соңғы мәрте ескерту берді.

2017 жылы 21 қарашада Әндіжан хокимі Рахматуллаев жергілікті лицейлер мен колледж директорларын мақта жинауға адам аз жібергені үшін "шие бөрілер, малғұндар, албастылар" деп балағаттаған. Ал 18 қарашада қалалық әкімшілік жиналысында 64 жастағы мұғалімді "албасты", "малғұн" деп сөккен.

​Кейін Бас прокуратура шенеунік әрекетінде әкімшілік құқықбұзушылық белгілері барын хабарлады. Өткен жылы 18 желтоқсанда хоким ісі сотқа жолданды. 2017 жылдың аяғында сот Рахматуллаевқа 30 ең төменгі жалақы (5 млн сум немесе 650 доллар) көлемінде айыппұл салды.

Дегенмен бұл сот шешімі шенеунікке сабақ болмаған. Мысалы, биыл ақпан айындағы жиналыста Рахматуллаев жергілікті ұйым басшыларын металл сынығын өткізу жоспарын орындамағаны, балалар спортын дамытуға ақша бөлмегені үшін "шие бөрілер, малғұндар, албастылар, малдар" деп балағаттаған.

XS
SM
MD
LG