Ссылки доступа

АҚШ-тың екі қаласын қаңбақ "басып алған" (видео)


АҚШ-тың Калифорния штатындағы Викторвилл қаласы мен Юта штатының Вест-Жордан қаласын қаңбақ "басып алған". The Washington Post басылымының жазуынша, ондаған үйлердің алды қаңбаққа толы.

Қаңбақты қатты жел жазық даладан алып келген. Желдің жылдамдығы ​ сағатына 110 шақырым болған. Құрақ өсімдіктің басып кеткені соншалық, биіктігі екі метрге жеткен. Тұрғындар үйлерінен әрең шыққан.

Жергілікті билік көше тазалауға көшкен. Олар қаңбақ үлкен өртке әкеледі ме деп қауіптенеді.

XS
SM
MD
LG