Ссылки доступа

Түркіменстанда еңбек мигранттары балаларының құқықтары шектеледі


Несмотря на то ограничения всё больше туркменистанцев пытаются податься в трудовые мигранты
Несмотря на то ограничения всё больше туркменистанцев пытаются податься в трудовые мигранты

Түркімен еңбек мигранттары балаларының құқықтары шектелуі мүмкін. Түркіменстан билігі мамыр айында нәпақа табу үшін шетел асқан ел азаматтарына қатысты қосымша шаралар қабылдайды. Бұл туралы Азаттықтың түркімен қызметіне (Азатлык) халықты әлеуметтік қорғау саласында істейтін дереккөз хабарлады.

Түркіменстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі өзін таныстыруды қаламаған бір қызметкерінің Азатлыкқа хабарлауынша, мамыр айында қабылданатын арнайы шаралардың еңбек мигранттарының шетелдегі ғана емес, елде қалдырып кеткен балаларына да қатысты болады.

"Министрліктегі жиналыста еңбек мигранттарын елге қайтару үшін олардың балаларына да қысым көрсету керектігі туралы сөз болды. "Мигранттардың көбі шетелдіктермен отбасын құратыны, сол себепті қосымша шара қолданбасқа амал қалмағаны" айтылды. Арнайы тапсырманың негізінде біздің министрлік те жаңа ережелер дайындап жатыр. Ол ережелер бойынша, мигранттардың шетелде туған балаларына 18 жасқа дейін Түркіменстан азаматтығы берілмейді. Балаларына азаматтық алғысы келгендер Түркіменстанға қайтып оралуы керек. Бұған қоса, шетелде тұрмысқа шыққан әйелдер баласына азаматтық алу үшін оны өз атына тіркеуі керек", - деді министрлік қызметкері.

Оның айтуынша, қазір ата-аналары нәпақа табу үшін шетелге кеткен балалар өте көп. Шетелде көп уақыт жүріп қалған олар Түркіменстанға оралғысы келмейді.

"Мұндай мәселелерді шешу үшін біздің министрлік қосымша шаралар әзірлеп жатыр. Ата-аналары Түркіменстанға ұзақ уақыттан бері келмеген балалар мемлекеттің барлық жеңілдіктерінен айрылады. Мысалы, еңбек мигранттарының балаларына медициналық қызмет ақылы болады. Бұған қоса, еңбек мигранттарының балаларына балабақша ақысы 2-3 есе қымбат болады. Сонымен бірге еңбек мигранттары балаларын арнайы ақылы гимназияда оқытуы керек. Елге оралғысы келмеген ата-аналардың үш жасқа дейінгі балаларына жәрдемақы төленбейді", - деді Түркіменстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі дереккөз.

Түркияда жұмыс істейтін түркімен мигранттары жаңадан енгізілетін ережеге бас қатырып отырған жоқ. Азатлыкқа берген сұхбаттарында еңбек мигранттары экономикалық дағдарыс пен жұмыссыздық жайлаған Түркіменстанға жақында оралмайтынын айтқан.

XS
SM
MD
LG